Мекеме туралы
"Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ "Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы" КММ
Мекеме туралы
Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы 1992 жылы 28 желтоқсанда құрылды.
Мекеме облыс аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, есепке алу, жаңғырту, қайта қалпына келтіру, насихаттау, қалаларды және де басқа елді мекендерді жоспарлау, салу және қайта құру жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы «Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМҚК, «Ә. Марғұлан атындағы археология институты» РМҚК, «Қазқайтажаңарту» РМК, ЖОО ғалым-мамандарымен, музейлер, архивтер, жергілікті әкімдіктермен басқа да мүдделі тұлғалармен байланыс жүргізеді.
Қызмет бағыттары
Есепке алу
Ескерткіштерді анықтау, тіркеу және мемлекеттік тізілім жүргізу.
Қорғау
Нысандардың жай-күйін мониторингтеу және сақталуын қамтамасыз ету.
Зерттеу
Археологиялық және тарихи зерттеулерді ұйымдастыру.
Насихат
Мұраны цифрландыру, басылым және ағарту жұмысы.